"Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес бөлімінің қызметкерлері сенбі күні кешке "Петропавл Су" АҚ диспетчеріне телефон арқылы алда болатын лаңкестік оқиға жөнінде хабарлаған кезекті телефон террорисін тұтқындады", - деп көрсетілген баспасөз баянында.
Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, лаңкестік туралы ақпарат Шұғыл басқару орталығына келіп түсе сала аталмыш кәсіпорынға ІІД басшылығы жедел келіп жеткен. "Арлан" арнайы бөлімшесі, лаңкестікпен күрес бөлімі және барлық қажетті полиция бөлімшелері, ҰҚК, Төтенше жағдай департаменттерінің қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері дабылмен аяқтарынан тік тұрғызылған. Мұндай жағдайларда қолданылатын қажетті шараларды өткізгеннен кейін тарау туралы бұйрық берілді.
"Экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес бөлімінің қарамағындағы арнайы техника дүйсенбі күні шұғыл қызметкерлерге хабарласқан тұлғаны анықтауға мүмкіндік берді. Ол 49 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Оның түсіндіруі бойынша, сенбі күні ол ішімдікті көп ішіп қойып, таныс нөмірді терген. Лаңкестік оқиға жөнінде не үшін айтқанын түсіндіре алмай отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз баянында хабарланғандай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабы (лаңкестік актісі жөніндегі жалған хабарлама) бойынша қылмыстық іс қозғау үшін полиция қызметкерлері материал жинастыруда және арнайы қызметтердің қол астындағы арнайы техника кез келген қоңырауды анықтауға мүмкіндік беретінін ескертеді.
Тұтқындалушыға 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.