Петропавлда трансфарматорлық үйшікке кіріп кеткен 15 жасар ұл тоққа соғылды

Аурухананың бас дәрігері Юрий Белоногтың айтуынша, бала денесінің 25 проценті күйген. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін зардап шегушінің оң аяғын кесуге тура келді. Қазір аурухананың реанимация бөлімшесінде жатқан науқастың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда.