Петропавлда тұрақты мекені жоқ жандар үшін түнейтін орын ашылды

Сырт көзге бұл ғимарат пешпен жылытатын кәдімгі жер үй. Бұрын мұнда мектеп болған екен. Екі сынып пен спорт залына жергілікті ауруханалардан әкелінген темір кереуеттер қойылыпты. 50 орынға шақталған үйге қазір 20 шақты қаңғыбас келіп түнеп жүр.

Қаңғыбастарды тәртіп сақшылары құбырлардан, жертөле мен құдықтардан тауып әкеледі. Ұдайы мас күйде жүретін олар қатты аязды сезбей, аяқ-қолын үсітіп алады екен. Бір қызығы, жылы жерге түнеуге бәрі бірдей келісе бармейтін көрінеді.

Әділ Қайридденов, Петропавл қалалық ІІБ қабылдап-тарату орталығының бастығы:

-Көбі енді өзінің еріктерімен келгісі келмейді. Өйткені ана жақтан жылы орнына келмеу себебі бірқалыпты өмірге қалпына жалғасып қалған. Қылмыстан қашып жүргендер болады. Іздеуде жүрген адамдар.  

Осында түнеп үйренгендері керісінше, мұндай көмекке риза. Сапарбек Меңдіғұлов әйелі қайтыс болғаннан кейін ішіп кетіпті. Енді құбыр мен құдық жағалап өмір сүріп жүр. 

Сапарбек Меңдіғұлов:

-Шынын айтсам, Үкіметке рахмет. Осы орнына рахмет. Осыны істеп бергенге, далада жүрген кісілерге.

Мұнда кешкі алтыдан таңғы тоғызға дейін келуге рұқсат. Бұл жерде қаңғыбастарды ешкім жуындырып, тамақ бермейді. Ғимарат бір түнеп шығуға арналған. Сондықтан қаңғыбастар таң атысымен бастары ауған жаққа кетеді екен. 

Loading...