Мұндай кітап шығару туралы бастаманы тың игеруші ардагерлер көтерген. Ұсынысты Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі қолдады.
Кітапта тың игерушілер туралы очерктер жинағы жарияланып отыр. Сондай-ақ, оған соңғы бірнеше жылдағы жер ресурстарын игеру туралы ақпараттар да қамтылды.
"Тыңның алтын кітабы" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың алғысөзімен басталады.