Петропавлда Үкілі Ыбырай ақынға арналған шағын бақ пен ақынның ескерткіші салтанатты түрде ашылды

Бұл күндері ел бойынша дарынды композитор әрі ақын Үкілі Ыбырайдың 150 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.

«Үкілі Ыбырайдың тағдыры Солтүстік Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Оның балалық шағы СҚО-ның Айыртау ауданында өтті. Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы қазақ музыкасы мен әдебиетінің жарқын көрінісі. Ақынның «Гәкку», «Арарай», «Дүние», «Шалқыма», «Көкше» әндерін әрбір қазақ халық әні деп орындап жүреді», - деді іс-шараға қатысқан аймақ басшысы.

Салтанатты іс-шараға қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Кәкімбек Салықов, ақынның шөбересі Елемес-апа қатысты.