Петропавлда ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен үкіметтік кеңес өтеді

Кеңесті өткізудегі басты мақсат - Қазақстандық кәсіпорындардың ірі жобаларға атсалысу үлесін арттыру, Қазақстан экономикасын өнім экспорттауға және өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуге бағыттау болмақ.

Сондай-ақ, үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысын жұмыс бабымен аралап, аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысады.