Петропавлда ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті

«Кемпірқосақ» атты ұлтттық мәдениеттер фестивалі өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысында тұратын түрлі ұлыс өкілдері қатысты.

««Кемпірқосақ» ұлттық мәдениеттер фестивалі жыл сайын атап өтіледі. Биылғы жылы оған 300-ге жуық адам қатысқан. Фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Ол патриоттықты тәрбиелеу, біздің елімізде тұратын халықтардың ұлттық мәдени дәстүрлерін сақтап қалуға бағытталған. Биыл фестивальға хор ұшымдары да қатысқаны қуантады. Бағдарламада орыс, ұйғыр, кәріс және тағы басқа көптеген ұлттық билер болды», - деді балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы облыстық орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева.