Әсіресе, Америкадан әкелген Ахатин ұлулары сұранысқа ие,
деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.
Тұрғындардын айтуынша, бұл жәндіктің адам денсалығына пайдасы мол көрінеді.
Алдағы 4-5 айдың ішінде 4 айлық ұлулардың қақпағы - 25, денесінің ұзындығы 30 сантиметрге дейін өсіп шығады. Ахатин тұқымынан тараған бұл жәндіктер дүние жүзіндегі ең ірі ұлу болып есептеледі. Петропавлдық тұрғын Екатерина Назаренко аяғы ауыр кезінде денесіне түскен тыртықтарды емдеу үшін алдымен өзіне тапсырыс берген екен. Кейін ұлудың емінен оң нәтиже байқаған ол, жәндіктерді Ресейден алып, сата бастаған.
Ал, Татьяна Башева ұлуларды косметикалық тұрғыда пайдалану үшін біреуін 1500 теңгеден сатып алған. "Осы уақытқа дейін беттің әрін келтіріп, әжімін жазатын түрлі кремдерді пайдаланып көрдім, бірақ ұлулардың емінен кейін өзгерісті бірден байқадым",- дейді ол.
Ұлулар ылғалды әрі жылы климатты жақсы көреді. Тағам талғамайды. Алты айға толған соң бір ұлу 100-ге тарта жумыртқа салатын көрінеді.