Петропавлда улы заттардың мөлшері нормадан 60 есе асатын Қытай ойыншықтары саудадан алынды

Санитарлық дәрігерлер адам денсаулығына қауіпті Қытай ойыншықтары саудаланған сегіз сауда орынын тексерген. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітерліктей емес. Балалар тауарларындағы фенол мөлшері қалыпты деңгейінен 60 есе асатын болып шықты.

Тексеру нәтижесі бойынша қауіпті ойыншықтарды сатуға кінәлілерге айыппұл салынған. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары жақын арада Қытайда шығарылатын киімдер мен аяқ киімдердің қауіпсіздік сапасына тексеру жүргізбек.