Петропавлда универститет оқытушысы жоғалып кетті


Алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін 38 жастағы ұстазды лагерде бірге болған студенттері мен әріптестері соңғы рет өткен дүйсенбінің кешінде көрген. Лагерь маңындағы жағалау тік жар, шомылуға өте қауіпті дейді мамандар. Оқыс оқиға болған соң мұғалімдер студенттерді үйлеріне қайтарып, іздеу тобын құрған. Оларға Ербұланның туыстары мен достары да қосылыпты. Облыстық құтқару қызметінің мамандары мен тәртіп  сақшылары да Есілдің бойымен 35 шақырымдай жерді жүріп өткен. Сүңгуірлер де суды сүзіп шыққанымен, одан еш нәтиже болмады.