Күдіктілер қаладағы сауда орталықтарының бірінің жанында өз көліктерінде ұсталды. Олар ұрлаған алтын бұйымдарын қолдарына тағып жүруге де арланбапты. Машиналарынан есіктердегі құлыптарды ашуға қажетті саймандар табылған. Ұрылар тек Қытайда жасалған құлыптар орнатылған үйлерді таңдаған екен. Оны бұзбай, сәйкес кілтпен ашып кіріп, алтын, ақша, ноутбуктерді жымқырған. Қолға ұстар дүние іздегенде олар үйдің ішін шашпауға тырысыпты. Сондықтан пәтер иелері өздерінің тоналғандарын бірден сезбеген. Алғашқы шағымдар тәртіп сақшыларына былтырғы қарашада түсе бастаған. Айналасы үш айда 18 пәтерді тонаған сұғанақтар ұрланған дүниелерді өз керектеріне жаратып отырған. Қазір келген шығынның көлемі есептеліп жатыр.
Иван Терзиди, Петропавл қалалық ІІБ бөлім бастығы:
-Ұрылар уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Олар үйге кіргенде домофон арқылы иесі жоқ пәтерлерді таңдаған. Сонан кейін «ғаламтор желісін жөндеушілерміз» деген желеумен подьезге кірген. Қазір тоналған дүниелердің бір бөлігі тәркіленді.
Loading...