Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мұрат Қанғожиновтың Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте гі мәліметінше, Сергеев су қоймасы 180%-ға толған. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмағанымен, қоймадағы су деңгейі 415 см-ге жеткен.
"12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін (Петропавл) үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде, - деді Мұрат Қанғожинов
Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Бұдан бөлек, су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар.
Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды.