Жаңа ықшамаудан қаланың оңтүстік бөлігінде бой көтермек. Әзірге Петропавл қаласын дамыту жөніндегі Бас жоспарда ғана бейнеленген ықшам ауданға Жас өркен атауы берілген. Алдын-ала есеп бойынша, 155 гектар алқапты иемденетін жаңа әкімшілік бірлікте 22 мың адам тұрады деп күтілуде. Бұл жерде көбінесе аз қабатты үйлер салынбақшы. Сондай-ақ, бірнеше балабақша, мектеп және мәдени-сауықтыру орталықтары тұрғызылады.
Жобаны жалпы құптаған Т.Мансұров оларға тұрғын үй массивінің орналасу аймағы, көп қабатты үйлер мен жеке меншік коттедждердің саны бойынша нақты есептер дайындауды тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мәлімдуінше, егер жоба авторлары оны биылғы жылы бітіре алса, мамыр-маусым айларында инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарта бастауға болады. "Бұл жоба Елбасының жолдауындағыдай Петропавлда ауқымды тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың бастамасы болмақ",- деді әкім.
Тұрғын үй құрылысы облыстың барлық аудандары мен шағын елдімекендерде де қолға алынбақшы.