Петропавлда жекеменшік үйлерді су басуда


Облыстағы ТЖД баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа қарағанда, 11 сәуір күні 6 мекенжай бойынша - Подгоры ауданы, Рабочий кенті мен Бензострой жерлерінде қар суын сору жұмыстары жүргізілген.

Сорғылардың көмегімен санаулы уақытта су басқан аулалар тазартылды, тұрғындар дер кезінде көмек көрсеткен қызметкерлерге алғысын жаудырды.