Петропавлда жол апатының салдарынан 3 адам опат болды

Көлік апаты таңғы сағат 4.00 шамасында Жамбыл және Карл Либкнехт көшелерінің қиылысында орын алды - «Ауди-80» және «Мерседес» көліктері соқтығысып қалды. Алдын-ала анықтаулар бойынша, «Ауди» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Мерседеспен» соқтығысып қалған.

Оқиға салдарынан «Аудидің» бір жолаушысы - 29 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған, тағы бір жолаушы - 26 жастағы бойжеткен ауруханада қайтыс болған.

«Мерседестің» 24 жастағы жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыс аумағында 112 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оларда 15 адам қаза болған, 142 адам жараланған. Былтыр осы кезеңде 112 көлік апаты тіркеліп, оларда 23 адам көз жұмған, 130 адам жараланған болатын.