Полицей тәркіленген жүргізуші құжатын қайтарып беру үшін 4000 теңге көлемінде пара алды деген күдік бар. Құжаттарды қайтарып берген қызмет төлеміне ақша талап еткен полиция қызметкері туралы құжат иесі ІІБ-ның ішкі қауіпсіздік бөліміне хабарлаған. Қамауға алу кезінде куәгерлердің көзінше полиция қызметкерінен таңбаланған купюралар тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тұтқынға ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабы, 2-бөлімі бойынша айып жүктелді. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.
Жыл басынан бері облыста ішкі істер органының қызметкерлері тарапынан жасалған 20 құқық бұзу әрекеті әшкереленді. 56 полицейге тәртіптік жауапкершілік жүктеліп, жетеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.