Петропавлда жолаушы толы троллейбус дүкенге «кіріп» кеткен

«56 жастағы жүргізушінің айтуынша, жол апатына оның алдында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі кінәлі. Ол жол үстінде тұрған көлікті аяқ-астынан кері бағытқа бұра бастаған көрінеді. Қақтығыстан қашқан троллейбус жүргізушісі тежеуішті басып, қоғамдық көлікті бірден оңға бұрған. Салдарынан троллейбус жолдың шетінде тұрған дүкенге кіріп кетіпті», деп облыстық ІІД баспасөз хатшысы Юрий Клыков мәлім етті.

Абырой болғанда дүкенші де, троллейбустағы 25 жолаушы да дін-аман.


Баспасөз хатшысының айтуынша, қазір полицейлер жол апатын тудырған жеңіл көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр.