Петропавлдағы Абылай хан мұражайы екі ғасырдан астам тарихы бар Құранмен толықты

«Бізде 18-ғасырдың бұйымдары жоқтың қасы. Сондықтан да біз қымбат былғарымен түптелген көне құранды қуана-қуана қабылдадық. Оны бізге жақында Қуаныш молда Беркімбаев сыйға тартты. Қазір қасиетті кітап мұражай қорында тұр», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Абылай хан мұражай кешенінің директоры Гүлнар Сыздықова мәлім етті.

Молланың айтуынша, қасиетті кітап оның отбасында атадан балаға мұраға қалып отырған.
«Отбасының деректеріне қарағанда, Құранның тарихы қазақтың ұлы ханы билік еткен заманнан бастау алады», - деді Г.Сыздықова.
Оның айтуынша, кітап Қазан немесе Ташкенттегі баспаханада басылған болуы мүмкін. Ішіндегі жазуларға қарағанда, ол 1900-ші жылы Санкт-Петербургке апарылған.
«Құран кітап нашар сақталған, оны қалпына келтіру қажет. Бір қызығы, бұрынғы иелері кітап парақшаларының шетіне әртүрлі жазулар қалдырып отырған», - деп қосты мұражай директоры.