Петропавлдағы ликер-арақ өндірісінде екі жұмысшы қаза тапты

Оқиғаның егжей-тегжейі мен себептерін қазір мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары анықтауда. Қазіргі жалғыз дәйек - көмірқышқыл газынан улану деген себепке келіп тіреліп отыр. Компрессорлық қондырғының машинистері қауіпсіздік техникасының тәртіптерін ескермеген деп күтілуде.