Петропавлдағы қысқы бақ тағы шатырсыз қалды

Бақ осыдан 4 жыл бұрын толығымен күрделі жөндеуден өткен. Алайда сапасыз істелген жұмыс ұзаққа бармай сыр берді. Ғимараттың жабындысын осымен жетінші рет жел ұшырып отыр. Осының кесірінен көптеген сирек кездесетін өсімдіктерден айырылдық дейді оранжерея мамандары. Биологтар өсімдіктерді сақтап қалу үшін ғимаратқа темір пештер орнатып, түні бойы от жағуда. 


Мақпал Қалмырзина, оранжерея қызметкері:

-Былтыр ақпан айының соңына қарай төбеміз ұшып кеткенде  50 түрлі өсімдік,  тропикалық өсімдіктерден айрылғанбыз. 100 жылдық пальмалар да бар олардың арасында. Қазір енді дәл  айта алмаймыз қандай зиян келгенін.