Петропавлдық оқушы GGG роботын жасады (ВИДЕО)

Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында Петропавл қ. Назарбаев зияткерлік мектебі директорының салалық-тәжірибелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Данияр Уәлиев хабарлады.

«Ештен кеш жақсы! Оқушымыз Әлімхан Головкиннің шаршы алаңдағы кезекті жарысынан кейін оны ерекше құттықтау мақсатымен GGG роботын жасады», - деп атап өтті Данияр Уәлиев.

"Хабар" арнасының жазуынша, өнертапқыштың ендігі арманы осы туындысын чемпионның өзіне сыйға тарту екен.