Петропавлдық қария 10 жылдан соң алғаш рет далаға шықты

90 жастағы Галина Павлюченкова екінші дүниежүзілік соғыста мейірбике болып істеген екен. Майданда алған жарақаты ақыры оны арбаға таңып тынды. Бүгін зейнеткерге қол ұшын беруге келген «Атамұра» балалар ұйымының мүшелері кейуананың он жыл бойғы арманын орындады. Екінші қабаттан түсуі мұң болған болған қартты балалар арбасымен көтеріп сыртқа шығарды. Өз балалары қарамай кеткен зейнеткердің қуанышында шек жоқ.


Қандай керемет. Егер шамам жеткенде еңбектеп шықсам да шығар едім ғой. Қандай ғажап көрініс.