Петропавлдық шенеуніктер нан бағасын түсіре алмай отыр


Шыңғысбек Сұлтанбеков, Петропавл қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

-11 наубайханаға ұн бердік, ұнның бағасы төмен 20 теңгеге. Оның себебі ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия жаса жатыр.  Олар енді 48 теңгеден алатын болды.

Арзан ұнды алған наубайханалар енді нанның бағасын 45 теңгеге түсіруі тиіс. Ол үшін кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан айына 350 тонна арзандатылған ұн берілетін болды. Алайда «Петропавл нан тоқаш» комбинатының нарықтағы үлесі бәрібір басым. Қалалықтардың жартысынан астамы қымбат болса да дәміне тілдері үйренген сапалы нан жейді дейді мамандар. Оның үстіне, шенділердің жаһанға жар салған меморандумы тек жыл соңына дейін ғана жалғасады екен.