Петропавлдықтар қала күнін тойлап жатыр

Мерекеге қызу дайындалған шенділер Петропавлдың орталық алаңын гүлге бөлеп қойыпты. Бағдарлама да былтырғыға қарағанда әралуан. Түрлі көрмелер, сайыстар, ән шашу. Ал жағажайда өткен арбалар жарысына қатысқан киіз үй пішіндес мына дүние көрермен көзайымына айналды.

Никита Жуков, сайысқа қатысушы:

-Киіз үйді қолда бар дүниелерден жасалған. Ағаш, темір, мата тіпті пластикалық құбырларды да қолданылды. Осы сынды талай сайыстарды ғаламтордан қарап шықтым. Ұлттық нақыштағы арба керек деген ой түйдім. 

Былтырлары мереке Астана күнімен қоса тойланған. Алайда Қызылжардағы ат төбеліндей діндардар «мейрам әрдайым әулие Петр мен Павелдің құрметіне арналатын» деп шу шығарған болатын. Оларға қосылған қалалық мәслихаттың депутаты сол кездегі қала әкімі Төлеген Закарияновты мәңгүрт деп айыптағаны да есте. 

Әкім осынша бұлқынғанымен, сол күйі ештеңе өндіре алған жоқ. Ал қала күнін православ әулиелерімен байланыстырмай, басқа уақытқа белгілеуді тұрғындар да қолдап отыр.

Болат Асанов , Петропавл қаласының  тұрғыны:

-Қала күнін бөлек өткізген дұрыс. Мен жуырда газеттен оқыдым өткен жұмада. Петр деген апостолдың туған күнінде орыс газеттері жазып жатыр. Енді мен түсінбеймін, егемендік алғалы пәлен жыл болды. Біз жеңе алмай қойдық.

Ресей тарихшылары қаланы 1752 жылы әскери бекініс ретінде Екатерина пайтшайым салдырған деп жүр. Алайда «Қызылжар қыстағы» деп аталған бұл аймақты керейлер одан бұрын мекендеген екен. Бұл туралы талай жазба деректерде де айтылған. Тек биліктің құлықсыздығы ма, әлде жергілікті басылымдар мен діндарлардың ықпалы ма, әйтеуір қала күні Петр мен Павелдің туған күнінен ажырамай-ақ қойды. 

Loading...