Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Шымкент - Самара жолының 1982-ші шақырымында 2 қарашада "Опель" және "Мазда" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан 41 жастағы "Опель" жүргізушісі мен "Мазданың" 71, 68 жастағы әйел жолаушылары мен 27 жастағы жолаушы жігіт оқиға орнында қаза тапты; 19 жастағы "Опель" жолаушысы, 26 жастағы "Мазда" жүргізушісі мен оның 47 жастағы жоалушысы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, 2 қарашада сағат 14.35-те Петропавловск қаласында Петропавловск - Мамлютка жолының 3-ші шақырымында "ВАЗ" бен "Ауди" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.