"Горгазсервис" ЖШС мамандарының айтуынша, тек соңғы үш күнде осындай 27 ұрлық оқиғасы тіркелген. Осыдан жарты жыл бұрын 147 гайканы алып кету салдарынан 14 мың пәтер көгілдір отыннан қағылған болатын. Ал қазір 27 үйге газ қайта жіберілгенмен, 4 үй әлі де газсыз отыр.