Петропавловск қаласында бастапқы кәсіптік дайындау жөніндегі оқу-өндірістік орталығында солтүстік қазақстандық 780 азамат оқып шықты

Жұмыссыздар 2008-2010 жылға есептелген халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытылуда. Бұл мақсатқа 2008 жылы облыс аудандары мен Петропавловск қалалық бюджеттерінен 27 миллион теңге бөлінген.

Оқыту аспазшы-кондитер, тас қалаушы, бояушы -штукатур секілді 26 мамандық бойынша жүргізіледі. Кәсіптік дайындық тегін әрі 2 - 6 айға созылады. Сонымен бірге дәрістен өтушілерге ақшалай өтемақы беріледі, деді Г. Шәймерденова.

Орталықта ағымдағы жылдың аяғына дейін 964 жұмыссыз оқудан өтеді.