Петропавловск қаласында "Болашақ" балабақшасы ашылды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2008 жылдың 13 шілдесінде Қала күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтың қатысуымен "Болашақ" балабақшасы салтанатты түрде ашылды.

Қазір қаладағы мектепке дейінгі мекемелерде 4 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. "Болашақ" балабақшасы осындай 20-шы мекеме болмақ, онда 112 бала тәрбиеленбек.