Петропавловск қаласында халыққа қызмет көрсететін екінші орталық ашылды

Халыққа қызмет көрсету орталығы облыстық әділет департаментінің ғимаратында орналасқан. Ол тәулігіне 400 адамға қызмет көрсете алады. Екінші орталықтың іс-қызметі де "бір терезе" принципіне негізделген, яғни, тұтынушы өзіне қажетті қызметтердің бәрін бер жерде алу мүмкіндігіне ие болады.

Филиал директоры Жеңіс Аяпбергеновтың айтуынша, келешекте қазіргі бар 25 қызмет түріне қорғаныс саласындағы қызметтер де, атап айтсақ, әскери есеп пен тіркелу қызметтері де енгізілмекші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті