Петропавловск қаласында ҰБТ кодын сатқаны үшін Әскери жоғарғы училищенің оқытушысы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аға оқытушы ҰБТ кодын 48 мың теңгеге сатқан. Бірыңғай ұлттық тестілеу сұрақтарына берілетін жауаптар мемлекеттік құпия санатына жатқызылған. Подполковникті Солтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің шұғыл тергеу тобының қызметкерлері ҚР ҰҚК әскери қарсы бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе құрықтады.

Ұсталғанның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол Петропавловск ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысына қамалды.