Сайыстың бірінші күні Хромтаудың "Қазхромы" мен Оралдың "Конденсаты" арасындағы сайыс қызғылықты өтті. Кездесу 3:1 санымен аяқталып, "Қазхром" жеңді. Екінші ойында "Атырау" мен Петропавловск қаласының "Есіл" құрамасы бақ сынасып, "Атырау" 3:1 ұпаймен қарсыласын тізе бүктірді.