Петропавловскіде 1009 үйдің 18-і ғана жылу маусымына дайын

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1009 үйден үйдің ішіндегі жылу жүйесін тек 176 үй ғана жуған. Ал барлығы 18 үй алдағы жылу маусымына дайындық паспорттарын рәсімдеген.

Сонымен қатар, 24 балалар бақшасынан алдағы қысқа тек жетеуі дайын болса, ал 43 мектептен 12-сі дайын екендіктері жөнінде мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, 20 әлеуметтік мәдени нысаннан дайындық паспорттарын үшеуі алған.