Петропавловскіде есірткі таратты деген күдікпен бір ер адам ұсталды

Криминалдық ортада "Колыма" деген лақап аты бар күдікті Солтүстік Қазақстан облысына және одан әрі Ресейге ірі көлемдегі есірткі партияларын тасымалдаумен айналысқан. Ол арнаулы операцияның барысында төрт килограмм гашиш сату барысында қолға түсті.

"Одан есірткі үшін берілген ақша тәркіленді. Гашиш партиясы үшін еркек 10 мың АҚШ доллары мен "Мерседес" көлігін алудан үміттенген. Күдікті бұған дейін де бірнеше мәрте сотталған нашақор. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы жыл басынан бері заңсыз айналымнан 269 килограмм түрлі есірткі, соның ішінде 1 килограмм 285 грамм героин, жеті килограмм гашиш, 257 килограмм марихуананы шығарды.