Петропавловскіде нан бағасы қымбаттады

Естеріңізге сала кетейік, Петропавловскде тұрақтандыру қорын құру нәтижесінде нан бағасы 37 теңге болатын, бұл республиканың басқа облыстарынан 17 пайызға арзан. Ал бүгінде бір бөлке нанның бағасы 45 теңгені құрап отыр.

Агенттік тілшісіне берген сұхбатында "Қазагромаркетинг" АҚ өкілдігінің директоры Әсем Мұсабекова "шошқа еті 30 пайызға (қазанның басында 1 кг бағасы 495 теңге болса, бүгінде 350 теңгені құрайды), сиыр еті 7 пайызға төмендегендігін" мәлім етті. Өсімдік майының бағасы 310 теңгеге дейін арзандаған, ал қазанның басында 340 теңгені құраған болатын. Қанттың бағасы бүгінде 112 теңге тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті