2007 жылы "Петропавл Су"АҚ-ына облыстық және қалалық бюджеттерден су жинағыш бөгеттерді нығайтуға шамамен 15 млн теңге бөлінді, бұл бөгеттердің бұзылу мүмкіндігін біршама азайтуға жол ашты. Тасқын маусымында су басу қаупін азайту үшін "Петропавл Су" АҚ кешенді шараларды алды.
Қалалық әкімшіліктің хабарлауынша, "Петропавл Су"АҚ биылғы көктемгі тасқынға дайындық жұмыстарын аяқтап келеді. Бүгінгі күні сумен қамтамасыз ету жоспары жасалып, Петропавловск қаласындағы кәріз жүйелері мен су құбыры желілерінің үздіксіз жұмысы жолға қойылған. 3,5 млн теңгеден астам қаржыға 140 тонна коагулянт сатып алу жоспарланып отыр .