Петропавловскіде Тюмень қаласының кардиохирургтары бір операция жасап, тумасынан жүрек ақауы бар 45 балаға кеңес берді

Ол топқа Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының балалар кардиохирургиясы және туа біткен жүрек ақауы хирургия бөлімінің меңгерушісі, профессор Кирилл Горбатиков жетекшілік етеді.

Д. Бейсенбаевтың хабарлауынша, Тюмень кардиохирургтары болашақта облыстың Уәлиханов, Ақжар және Айыртау аудандарының туғанынан жүрек ақауы бар балаларын қабылдап, оларға кеңес беруді жоспарлап отыр.