"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-на 100 млн. доллардың несиелік желісі ашылды

Қатаң міндеттемелі несиелік желі қарыз базасы тетіктерімен реттелумен бірге несие алушының таңдауы бойынша не ақшалай қысқа мерзімді револьверлік несиелер түрінде, немесе, мұнай бағасына хедж шарасын жүзеге асыру үшін шұғыл келісімдер жасау мақсаттарда пайдаланыла алады.

"Бұл несиелік желі Қазақстандағы несие алушыға берілген тұңғыш осындай несие болмақ",- дейді баспасөз қызметіндегілер.
SG CIB шараны ұйымдастырушы, кредитор, бірден-бір хедж қызметін ұсынушы әрі несиелік агент ролін атқарады. Несиелік желі синдикаты шілде айының басында құрыла бастады.
"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ның құрылтайшысы - Қазақстанда жетінші жыл жұмыс істеп келе жатқан халықаралық "ПетроКазахстан Инк." энергетикалық компаниясы.
Компания мұнай барлау, өндіру және экспорттау, мұнай өңдеу және сатумен шұғылданады. "ПетроКазахстан Инк." энергетикалық компаниясы "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-мен бірге Шымкенттегі ең ірі әрі қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауыты - "ПетроКазахстан Ойл Продактс"ААҚ-ын басқарады.
"ПетроҚазақстан" компаниясыынң акциялары АҚШ-тың Нью-Йорк, Канаданың Торонто, Ұлыбританияның Лондон қор биржасында, сондай-ақ, Германиядағы Франкфурт биржасында PKZ деген белгімен сатылады.