"Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңының 23 -бабында реттелетін коммуналдық қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілері есептеу құралдары жоқ тұтынушыларды жасалған келісімдерге сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарымен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жабдықтауға міндетті деп көрсетілген. Алайда, жылу қуатын тіркеу құралдарын орнату жобасын жүзеге асыру барысында біз бірқатар проблемалы мәселелерге тап болдық. Ең өзекті мәселелердің бірі ретінде тұтынушылармен үйдің жалпы есептеу құралдарын сатып алып, орнату келісімін жасасу аталып отыр", - деп мәлімдеді И. Пирогов.