Пикассоның картинасы 140 млн. долларға сатылмақ


1955 жылдың картинасы  11 мамырға жоспарланған «Взгляд вперед в прошлое» аукционы аясында сатылады.  Осыған дейін ол 1997 жылы аукционға қойылған. Ол кезде оның құны $31,9 миллионды құраған.

Картинада бір топ куртизанка бейнеленген. Пикассо оммаждың 15 нұсқасын жазған. Әрбірін А-дан О-ға дейінгі әліпби әріптерімен белгілеген. Christie's төрағасы Бретт Горвидің сөзіне қарағанда, соңғы  «О» нұсқасы" - бұл сериядағы үздік картина.