Пикассоның жоғалған картинасы қаншаға «бағаланды»

Американдық кеденшілер картинаны 2014 жылдың желтоқсан айында кездейсоқ жағдайда анықтаған. Ол Нью-Йоркке Бельгиядан сәлем-сауқатпен жіберілді. Жіберуші орамаға оның небәрі 37 доллар тұратын өнер заты болып табылатынын жазған. Картинаның жіберілуіне қатысты адамның қамауға алынуы туралы ақпарат жоқ.

Пикассо «Шаштараз әйел» картинасын 1911 жылы жазған, қазіргі кезде сарапшылар оны миллиондаған долларға бағалауда. Суреттің көп ұзамай Францияға оралатыны күтіліп отыр.

Пабло Пикассо әлемдегі ең қымбат суретші болып танылғанын атап өтейік. Айталық, 2008 жылы оның жұмыстарының тек ресми сатылымдарының бағасы 262 млн. долларды құрады.