Пілдің баласы «суға аққан» адамды құтқарып алды (ВИДЕО)

Тайландтың Пілдер табиғи паркінде түсірілген видео YouTube хостингіндегі elephantnews каналына жүктелген, деп жазады Sn.kz.

Кейінірек белгілі болғандай, суға кеткен адам пілдердің үйретушісі екен. 42 жастағы Даррик Томсон алып жануарлардың реакциясын тексеру үшін осындай тәжірибе жасапты. Нәтижесінде, пілдерде де жанашырлық сезімінің дамығаны анықталды.

«Біз жануарларға өз махаббатымызды бере алсақ, олар бізге де махаббатпен жауап қайтарады, менің тәжірибем осыны көрсетті», — дейді Даррик Томсон.