Пхеньян АҚШ-ты Фергюсон қаласында адам құқықтарын аяққа таптады деп сынға алды


Бұл туралы жұма күні ресми БАҚ хабарлады.
Корея орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Фергюсондағы оқиғалар «АҚШ-тың шынайы бет-бейнесін ашып, оның адам құқықтары бұзылатын және нәсілдік кемсітушілік белең алған тозақ екенін көрсетіп берді».
ЭФЭ агенттігі бұл мәлімдемені бірқатар елдердің КХДР-да адам құқықтары бұзылып жатыр деген мәлімдемесіне жауап деп атады.