Пхеньян Азия ойындарына қатыспауы мүмкін


Екі ел арасындағы жаңа дауға Сеулдің іргелес мемлекет спортшыларының саны мен олар әкелетін туға қарсылығы себеп. Солтүстік Корея бұл жолы 350 атлетті баптап отыр. Жанкүйерлердің саны да соған сәйкес болмақ. Пхеньян әзірлеген құрама команданың көптігіне көңілі толмаған оңтүстіктегі спорт шенеуніктері қауіпсіздік шараларымен бас қатыруда. Ал бұған дейін Солтүстік Корея билігі елде орын алған қиындықтарды ұмыту үшін Азиадаға қатыспақшы екенін мәлімдеген еді.