Аппарат Вонсан қаласынан ұшырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол «Мусудан» типті зымыран болуы мүмкін. Пхеньян бұған дейін оны 3 мәрте сынақтан өткізбекші болған. Алайда бұл әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған еді. Айта кеткен жөн, 6 қаңтарда Солтүстік Корея ядролық сынақ жүргізіп, 7 ақпанда баллистикалық зымыранын ұшырған. Салдарынан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мемлекетке қарсы санкцияларды күшейтті.
.