Плющенко: Ковтун Олимпиадада Денис Тенге қарсы тұра алмас еді

«Ковтунда қола медаль? Бұл не сөз? Болжам жасайтын адамдарды түсінбеймін. Тіпті сол «мамандар» тіпті спортттан алыс тұрған адамдар. Ковтун бар болғаны 8-10 орындардан көрінер еді. Ең жақсы өнерін салып жатса, 6-орыннан көрінетін деп есептеймін», - дейді Е.Плющенко «Дождь» телеарнасына берген сұхбатында.


Айта кетейік, Плющенко Сочи Олимпиадасында командалық жарыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен жекелей сынға жарақатқа байланысты шыққан жоқ. Негізі бұның алдында Ресей чемпионатын жеңіп, Олимпиадаға жолдама алған Максим Ковтун болатын. Алайда арнайы комиссия Плющенконы жіберуді шешті.