ПМУ студенті Қуанышбек Мәжитов панкратион және ММА-дан әлем чемпионы атанды

Хорватияда барлық күреске тән тәртіптің техникасын қиыстырған жекпе-жек - грэпплинг, панкратион - күрес техникасы мен соққылары бірлескен, әуесқой ММА (ережесіз жекпе-жек) бойынша біріншілік өткен болатын.

Павлодарлық спортшы панкратион мен ММА бойынша әлем чемпионы атанды.


FILA өткізген Хорватиядағы чемпионатқа кадеттер, жасөспрімдер, ардагерлер - 30 елден барлығы 600-ден астам спортшы қатысты.

Осыған дейін Мәжитов ММА бойынша Қазақстан біріншілігін ұтып, осы спорт түрі бойынша ел чемпионы атанған.