Пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

Пойыз алдын ала нұсқа бойынша, темір жолдан өтпек болған көлікпен соқтығысқан.

«Көліктің ішінде жеті адам, бес ересек пен екі бала болды. Бір баланың жағдайы ауыр, қалған алты адам ажал құшты», - деп жазады агенттік қаладағы өрт сөндіру қызметінің өкілі Маурисио Энчиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, олар кедеңсіз жағдайдың себептерін тергеуге кірісті.