Полицей қызметтік көлігімен адам қағып, оқиға орнынан із суытты


Оқиға кешкілік 8-дер шамасында жаяу жүргіншілер жиі қатынайтын көшедегі мына бір қалтарыста болған. Жол полициясының көлігі жүйіткіп келіп, 37 жастағы келіншекті қағып өтіп, қарасын батырған. Ішкі істер департаментіндегілер 22 жастағы полиция сержанты оқиға орнына қайтып келіп, кінәсін мойындағанын айтуда. Бірақ мына кадрларда апатқа себепкер адам көрінбейді. Зардап шегушінің туыстары да полиция қызметкерінің оқиға орнында болмағанын айтып отыр. Ал қол аяғы төрт жерден сынып, миы шайқалған үш баланың анасы әлі ауруханада ес түссіз жатыр.