Енді ол 481 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Есет батыр мен Тілеу батыр көшелерінің қиылысында жол полициясы қауіпсіздік белбеуін тақпаған жүргізушіні тоқтатады. Әкімшілік жауапкершіліктен оңай құтылып кетпек болған жүргізуші жол полицейіне 2 мың теңге ұсынды. «Ақша ұсынған ақтөбеліктің іс-әрекеті бейнетіркеуге түсіп қалған. Нәтижесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 676-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Іс Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Енді жол ережесін бұзған ақтөбелік 481 мың теңге айыппұл төлейді»,- деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметі.