Іс материалына сәйкес, полиция қызметкерлері ауылдық ішкі істер бөлімі басшының үйіне келіп, қолын қайырып үйінен алып шыққан да, көлікке отырғызып жергілікті медициналық қосынға әкеліп, мәжбүрлі түрде медициналық тексеру жүргізген. Бұл туралы облыстық прокуратураның сайтында орналасқан хабарламада мәлімделген.
Облыстық прокуратураның арнайы прокуроры Айбек Қоянбаевтың мәлімдеуінше, осы оқиға қарсаңында Қарабұтақ ауылына қосындардың қатаң режімдегі жұмысын тексеріп келген Әйтеке би аудандық ішкі істер департаментінің басшысы орнында болмаған ауылдық бөлім басшысын іздепе оның келесі күні міндетті түрде қосында болуын бұйырған.
«Айыпкерлер тергеу барысында келесі күні бастық екеуіне де Қарабұтақ ауылына келіп, қосында ауылдық полиция бөлімі бастығының болуын тексеруді, егер орнында болмаса, оны тауып, ішімдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін дәрігерлік тексеру жүргізуді тапсырғандықтан, олар күш қолданғандарын айтты», - дейді А.Қоянбаев.